АҚШ президенті Украинада президент сайлауы болуы керек деген сөзін араға бір күн салып тағы айтты. Зеленский «сайлауға дайынмын» дейді. Ал Киев тұрғындары мен сарапшылар сөзінше, соғыс жағдайында президент сайлауын өткізген қисынсыз.
АҚШ президенті Украинада президент сайлауы өтуі керек деп мәлімдеді. Зеленский оған дайын екенін айтты. Орыстар майдан даласында «алға жылжып жатқаны» рас па?
Ресеймен соғыста Украина қару тапшылығының орнын дрондармен толтыруға тырысып жатыр. 2022 жылы соғыс басталмай тұрып Украина әскерінде дрондар өте аз еді. Қазір төрт жылда Украина дрон өндірісін жетілдіріп, мыңдаған шақырымға жететін "Лютый" дронын жасап шығарды.
Ресей ракетамен атқан Тернополь қаласындағы шаубылдан қаза тапқандар саны 38-ге жетті. АҚШ-тың бейбітшілік жоспары 28 тармақтан 20 тармаққа дейін азайды. Украина президентінің сөзінше, Киев мүддесіне қайшы тұстар алынып тасталды.
Демалыс күндері Ресей Украинадағы темір жол және энергетика нысандарын шабуылдады. Ресей аумағында да дрон шабуылдары болды. Соғысты тоқтату жоспарын тараптар әлі талқылап жатыр. Бірақ АҚШ президенті жоспарды Украина президенті әлі оқымағанын айтып, «ренішін білдірді».
Ресей өкіметі қаржыландыратын қор Украинадағы делдал ұйымдар мен сайттарға ақша бөліп, Кремль пропагандасымен үндес ақпарат жинап, Киевтің Мәскеуге қарсы қорғанысын әлсірету бағытында жұмыс істеген. Мұны Азаттық радиосы Украин қызметтің "Схемы" зерттеу тобы анықтады.
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылы үшін Украинаға наразылық білдірді. Бұл шабуыл мұнай экспортын тежеп, Еуропа, Үндістан және Қытайдағы нарыққа ықпал етпек.
АҚШ пен Украина өкілдері Майамиде кездесті. Бірақ екі жақ та оның нәтижесі жайлы жария ақпарат бермей отыр. Украина президенті Владимир Зеленский «лайықты бейбітшілікке» қол жеткізу үшін кез-келген жағдайға дайынбыз деп мәлімдеді.
Ресей президенті Путин АҚШ өкілдерімен кездесуден соң "қақтығысушы тараптардың ортақ мәмілеге келуі – оңай шаруа емес" деді. Ал Украина президенті Зеленский Киев Вашингтонда өтетін кездесуге дайындықты бастады деді. Бірақ Украина халқының бұл диалогтардың нәтижелі болатынына сенімі аз.
Каспий құбыр консорциумының Новороссийскідегі құрылғысына шабуыл салдарынан Қазақстаннан тасымалданатын мұнай экспортына зиян келді. Сарапшы Астанада бұдан миллиардтаған доллар зиян шегеді деп болжайды. Ал мұнайды балама жолмен экспорттаудың мүмкіндігі шектеулі дейді сарапшы.
Ресей президенті Владимир Путин Еуропаға сес көрсетті. Ол Батыс елдері Ресейге қарсы соғыс ашса, әзір екенін мәлімдеді. Кремль жетекшісі Украинадағы соғыс әрекеті «хирургиялық тәсілге» көбірек келетінін меңзеп, бұл ұстаным Еуропаға жүрмейді деді. НАТО мұны қалай қабылдап отыр?
Тағы