"Талибан" қозғалысы (АҚШ пен Еуропа одағы террорлық ұйым деп таныған) "Томас Шелби тобы" деп аталған – "Peaky Blinders" сериалы кейіпкерлеріне ұқсап киінген ауған жігіттерін ұстады. Билік олардың әрекеті "ислам құндылықтары мен ауған мәдениетіне сай келмейді" деп есептейді
Финляндия астанасы Хельсинкиде бір жыл ішінде жол апатынан адам өлімі тіркелмеді. Оған жылдамдықты шектеу, заңды қатаңдату, жол құрылымын дұрыс жүйелеу сияқты бірнеше фактор әсер еткен. Өкінішке қарай бұл нәтиже ұзаққа созылмады. Бірақ мамандар бұл нәтижеге қайта қол жеткіземіз деп отыр.
Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдары Киевте президент Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың үйіне тінту жүргізген. Мұны шенеуніктің өзі де растады. Тінту Зеленскийге жақын адамдар жымқорлық қылмысына байланысты күдікке ілініп, қоғамда резонанс тудырған шақта жасалды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен сауда-саттық жасайтын елдерге қарсы санкция салуды көздейтін заң жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл тізімге Иран да кіруі мүмкін. Ал Украина Грекиямен сұйытылған газ тасымалы бойынша келісімге келді. Алғашқы тасымал желтоқсанда басталмақ.
Ресейде "жолаушыларды күткізіп қойып" намаз оқыған автобус жүргізушісінің ісі қаралып жатыр. Бұл оқиға мұсылман мигранттардың көшеде намаз оқуына қарсылықты күшейтіп, қоғамда дау өршіді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапарында Астана Ибраһим келісіміне қосылғанын мәлімдеді. Бұл қандай келісім?
Тағы