"Талибан" қозғалысы (АҚШ пен Еуропа одағы террорлық ұйым деп таныған) "Томас Шелби тобы" деп аталған – "Peaky Blinders" сериалы кейіпкерлеріне ұқсап киінген ауған жігіттерін ұстады. Билік олардың әрекеті "ислам құндылықтары мен ауған мәдениетіне сай келмейді" деп есептейді
Дамуы ерекше жасөспірім қызды бірге туған екі ағасы көп жыл бойы зорлап келген. Арбаға таңылған әйелге жолда таксист тиіскен. Жүйкесінде кінәрат бар науқастарға арналған емханада жатқан екі әйелді мекеме қызметкерлері айлап зорлаған.
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі Epetition платформасында 17 қарашада жарияланған "Біз ЛГБТИК+ адамдарды шектейтін заңдарға қарсымыз" атты петицияны қабылдамайтынын мәлімдеді. ЛГБТ қауымының құқықтарын көтеріп жүрген ұйымдар министрліктің ұстанымын сынға алды.
Ресеймен соғыста Украина қару тапшылығының орнын дрондармен толтыруға тырысып жатыр. 2022 жылы соғыс басталмай тұрып Украина әскерінде дрондар өте аз еді. Қазір төрт жылда Украина дрон өндірісін жетілдіріп, мыңдаған шақырымға жететін "Лютый" дронын жасап шығарды.
33 жастағы Самат Жампейісов бес жасында есту қабілетінен айырылған. Қазір ол жеке такси қызметімен айналысады. Саматтың айтуынша, бұл — естімейтін адамға отбасын асырауға мүмкіндік беретін жалғыз жұмыс.
Украина жұртына биылғы қыс қиын болмақ Ресей қыркүйектен бері Украинаның жылу станциялары мен газ инфрақұрылымдарына шабуылды үдетті. Төрт жыл соғыс жалғасып жатқан тұста биылғы қыс Украина жұрты үшін өте қиын болатыны айтылады. Шабуыл салдарынан елге газ, жылу, жарық жетпей жатыр.
Ташкент күз басталғалы әлемдегі ауасы қатты ластанған қалалар қатарынан шыға алмай келеді. Президент Шавкат Мирзиёев арнайы комиссия құрғаннан кейін, шенеуніктер экологиялық рейдтер жүргізе бастады.
Тағы