Accessibility links

Қарағанды облысында теміржол апатынан төрт адам қаза болды


Қарағанды облысында Мойынты-Шығанақ учаскесінің Шешенқара-Қаражаңғыл аралығында жүк пойызы жөндеушілер бригадасын қағып кетіп, төрт адам қаза болды. Оқиға 10 желтоқсанда сағат 17.15-те Шет ауданының Қаражыңғыл станциясында болған.

"Сарышаған станциясындағы теміржол аймағында жол бригадасы жоспарлы рельстерді ауыстыру жұмысын жүргізіп жатқан. Барлық тиісті шаралар қабылданғанына қарамастан апаттың алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы ауыр жарақаттанып, қаза болды" деп жазылған "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) компаниясының баспасөз хабарламасында.

Жүргізуші тежегішті аяқ астынан басқан деп айтылады.

Оқиғаның жай-жапсарын анықтаумен арнайы комиссия айналыспақ. ҚТЖ комиссияның оқиға орнына кеткенін хабарлады. Компания өкілдері марқұмдардың отбасына тиісті көмек беретінін мәлімдеді.

Жергілікті полиция екі немесе одан да көп адамның кездейсоқ өліміне әкелген темір жол қауіпсіздігі ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG